
Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының электрмен қамту көрсеткіші 97%-ды құрап отыр. Атап айтқанда қала аумағындағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік трансформатордан алады.
Жекеден электр қуатын алып отырған Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай шағынаудандарында қазір құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Құрылыс 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылып, көрсеткіш 99 пайызға жетеді.
Өткен жылы шаһарда «Бозарық»220 КВ мен «1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды.
Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді.
Жаңаталап елді мекеніне электр жүйесін тарту жұмысы өткен жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 1508 электр бағанасы орнатылып, құрылыс жұмыстарының 60 пайызға жуығы аяқталды. Жаңаталап елді мекенін электр қуатымен қамту құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілсе, 1 361 абонент мемлекеттік жүйедегі сапалы электрге қол жеткізеді.
Нұртас шағынауданында сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған. Құрылыс барысында 600-ге жуық электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желісі тартылды. Қазір құрылыстың 35 пайызы орындалған.
Желі тарту жұмысы осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.
Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжайдың желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі
Одан бөлек, жыл соңына дейін Ақжар қосалқы станциясы пайдалануға беріледі. Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, электр қуатын таратушы 6 қосалқы станция салу жоспарланған.
Олар: «Ынтымақ» 110/10 кВ, «Қызылсу» 220/110/10 кВ,, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «Ипподром» 110/10 кВ қосалқы станциялары.
Тоқтар Жақаш