jasqazaq.kz

Шымкентте салық түсімі артығымен орындалды

08 маусым 2022, 12:16

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Жамалбеков Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте айтты.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері қалада камералды бақылау жүргізіліп, қосылған құн салығын әкімшілендіру, салық аудиті және салық берешегін өндіру бағыттары атқарылған.

– Камералды мониторинг бағытына келетін болсақ өз қызметтерін жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылыққа жол берген салық төлеушілерге қатысты 2022 жылдың 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 278 бабының 3 бөлігімен 18 салық төлеушіге 91,1 млн.теңге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді, — деді Б.Жамалбеков.

Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 123,9 млрд.теңге болса, нақты түскені 148,3 млрд.теңге өндіріліп, жоспар 24 млрд. 448 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етілген. Тарқатып айтқанда жоспар 120% болған. Сонымен бірге, Республикалық бюджет – 102%-ға, жергілікті бюджет – 134%-ға орындалған.

Биылғы жылға мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері бойынша бекітілген жоспар 328,7 млрд.теңге. Күтілетін сома 354 млрд.теңге немесе жоспар 122% орындалады деп болжануда. Оның ішінде барлық деңгейдегі бюджеттердің жоспары 100% орындалып отыр. Республикалық бюджет бойынша күтілетін түсім 144 млрд.теңге, ал жергілікті бюджет бойынша күтілетін түсім 210 млрд.теңге.

Баспасөз жиынында Берік Жапарұлы қосылған құн салығын әкімшілендіру, салық аудиті және салық берешегін өндіру бағыттарына да тоқталып өтті.

– Көлеңкелі экономиканы төмендету және қосымша кіріс көздерін өндіру мақсатында, ҚҚС төлеу үлесі 1% дан төмен сауда, құрылыс және қызмет көрсету саласындағы, айналымы 100 млн.теңгеден асатын ҚҚС төлеушілер бойынша мақсаттық топ құрылды. Осы категория бойынша талдау жасалып, ҚҚС төлемеу себептері анықталып, жұмыс қортындысы негізінде тиісті шешім қабылданады, -деді спикер.

Бүгінгі күнге, аудит, салық саласының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан 2022 жылдың 1 маусымы аралығында салық төлеушілерге қатысты тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 20 тексеру бойынша 2,5 млрд.теңге қосымша есептелген. Ағымдағы жылдың 2 тоқсан қортындысымен қосымша есептеудің болжамды сомасы 1,9 млрд.теңге болатын 15 тексерулерді аяқтау жоспарлануда.

Салық төлеуші берешегін төлемеген жағдайда келесі тәсілдер қолданылады: Борышкер салық төлеушілердің төленбеген сомасына әр күніне өсімпұлды есепке жазу, кассасы бойынша және барлық банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, авто транспорт немесе жылжымайтын мүлікке билік етуі шектеледі.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты