jasqazaq.kz

Шымкентте салық төлемеген кәсіпкер сотталды

15 қараша 2022, 13:17


Шымкентте 250 млн теңге салық берешегін төлеуден жалтарған кәсіпкер 7 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттік кәсіпкер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарып келген. Оның мемлекет алдындағы қарызы 250 млн теңгеге жеткен. Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ЖШС басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.

Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық нысандарда 6 жыл бойы басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр