jasqazaq.kz

Шымкентте Республикалық «Күміс қалам» байқауының жеңімпаздары анықталды

10 тамыз 2022, 11:02

Шымкентте жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам — 2022» байқауы ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас ақындар қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Сондай-ақ жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ұрпақтар сабақтастығын жалғау, олардың ақындық қабілеттерін шыңдау.

Мүшәйрада сөзден маржан терген ақындарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Алдияр, «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұстазы Абай Қалшабек, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» мүшесі Бекмұрат Анарбаев қазылық етті.

Байқауда ақындар сөзден маржан теріп, ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін жырларына арқау етті. Қазылар алқасының шешімімен «Күміс қалам» атты поэтикалық дуэльдің бас жүлдесіне Шымкент қаласының жас ақыны Арайлым Мұраталиева ие болды. Күмістен жасалған қаламды жеңімпазға қазақтың белгілі ақыны Қалқаман Сарин табыстады.

І орын Есенғали Раушан атындағы арнайы жүлде — қостанайлық Дәулет Жадырасынға бұйырды. ІІ орынды Әбілда Аймақ атындағы арнайы жүлде — Бейбітбек Ақбота (Шымкент қаласы); ІІІ орын — Тынышбай Рахым атындағы арнайы жүлдеге Оралбай Аружан (Жезқазған қаласы) ие болды.

Жәркен Бөдешұлы атындағы арнайы жүлде — Мерсадықов Алтынбек (Орал қаласы);
Аманхан Әлім атындағы арнайы жүлдеге Тұрғанбек Нұртас лайық деп танылды.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр