jasqazaq.kz

Шымкентте «подъезде» бала зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

01 қазан 2018, 16:25

Шымкентте көпқабатты үйдің кіре берісінде 11 жасар баланы зорламақ болған педофил сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 33 жастағы айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың сөзінше, айыпталушының қылмысы толығымен дәлелін тапқан. Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған, бірақ зорлап үлгермеген. 21 қыркүйек күні ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен («Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге сотталған. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде ер кісі үйге кіре берістегі есікті жауып, баланы ұрып-соққан болатын. Сөйтіп, киімін шешіп, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасаған. Баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы әйел ішке кіріп, ер азаматты қуып шыққан. Әрі бұл оқиға осында орнатылған бейнебақылау камерасына да түсіп қалған еді. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, жұрттың наразылығын туғызған. Соңынан күдікті полицияның қолына түсіп, сот-медициналық сараптама жасалды.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді