jasqazaq.kz

Шымкентте пәтер ішінен үш адамның денесі табылды

31 қантар 2022, 10:25

Шымкентте пәтер ішінен үш адамның өлі денесі табылды.

Кеше кешкісін сағат 17:36 шамасында «103» қызметіне хабарласқан тұрғын Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту жасап, есікті ашу керектігін айтқан. Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есіктерді ашты. Пәтердің ішінен 1978, 1957, 1979 жылы туған үш адамның денесі табылды. Қазіргі кезде олардың қайтыс болу себептері анықталуда. «Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде