jasqazaq.kz

Шымкентте өзгенің автокөлігін бөлшектеп сатып жіберген күдікті ұсталды

24 қантар 2022, 15:33

Шымкенттік полицейлер автокөлік ұрлап, бөлшектеп сатып жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 қарашасында Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында үйінің ауласында тұрған ВАЗ 21093 автокөлігін белгісіз біреулердің түнгі уақытта заңсыз иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 300 000 теңгеге жуық.

Орын алған қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдік тудырған азаматтардан түсінік алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 15 қаңтар күні осы жайтқа қатысы бар азамат қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол бұрын-соңды ұрлық және тонау жайттарымен істі болған 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады. Ол өзі ұрлаған автокөлікті бөлшектеп, қаладағы “Тұлпар” автокөлік базарына бас пайдасы үшін 200 000 теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Көліктің қосалқы бөлшектері базардан тәркіленіп алынды.

Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық