jasqazaq.kz

Шымкентте өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

25 ақпан 2019, 12:44

Шымкентте «Көршіге ізет» атты шара ұйымдастырылып, онда өзге ұлттың өкілдері қазақ халқына алғыс айтты. Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында басталған апталықтың бір күні осындай игі шарамен жалғасты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл күні қала іргесіндегі Сайрам тұрғын үй алабындағы өзбек этносының белді азаматтары көршілес Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу, Тассай, Мәртөбе, Тоғыс, Бадам, Қарабастау ауылдарының абзал қарияларын дастарханға шақырды. Абыройлы ел ағаларын қонақ қылып күтіп, ізет көрсетті. Мерекелік жиында тұрғындар бір-біріне ілтипат жасап, жергілікті этнос өкілдері қазақ еліне деген ақеділ алғысын білдірді. Айта кетейік, бұған дейін қалада «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында апталық ұйымдастырылып, шара «Қайырымдылық күнімен» бастау алды. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Сыбаға» іс-шарасы өткізді.

Фото: aptanews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде