jasqazaq.kz

Шымкентте өртенген 45 көліктің құнын кім төлейді?

15 шiлде 2018, 14:32

Шымкентте өртеніп кеткен 45 көліктің құнын қалалық айыппұл тұрағы әкімшілігі төлейді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өрт бүгін түнгі сағат 1.14-те «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің айып тұрағында орын алған еді. Оқиға орнында шикі мұнай қалдықтарымен 20 тонналық «Камаз» маркалы автокөлік, жоюға арналған 35 автокөлік және айыппұл салынған 10 автокөлік өртке оранған болатын. Жалын шарпыған аумақ 270 шаршы метрді құрап, тіпті жанындағы жиhаз цехының шатырына 24 шаршы метр жерге өтті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 76 сөндіруші мен 17 техника, медицина апаттар орталығының 4 қызметкері мен 1 техникасы және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ның жұмысшылары жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт сағат 02:13-те оқшауланып, сағат 03:05-те толық сөндірілді. Жалыннан зардап шеккендер жоқ. Айыппұл тұрағы басшысы А. Әбдіқадыровтың айтуынша, жол ережелерін бұзған жүргізушілерге тиесілі 10 көліктің алтауы 3 жылдан аса мерзімде тұрған. «Оларды иелері іздеп келмеген. Қалған төрт көлік жуырда ғана тұраққа қойылған. Көліктердің шығының біздің мекеме өтейтін болады»,- деді айып тұрағының басшысы. Қалалық ТЖБ қызметкерлерінің мәліметінше, алдымен «КамАЗ» автокөлігі өртенген. Кейін жалын жеңіл көліктерге тараған. Өрттің шығу себептері қосымша анықталатын болады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді