jasqazaq.kz

Шымкентте Орталық референдум комиссиясы төрағасының қатысуымен семинар-кеңес өтті

24 мамыр 2022, 18:54

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-інде ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өтті. Оған Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиялары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

–Референдум – бұл тікелей демократияның маңызды институты және халықтың тікелей заң шығаруын білдіреді. Бұл –мемлекет және әрбір жекелеген азамат үшін аса маңызды шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуының бір тәсілі,- деді Нұрлан Мәжитұлы.

Н.Әбдіровтың айтуынша, референдумды әзірлеу мен өткізуді референдум комиссиялары жүзеге асырады. Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіткен. Бүгінде маңызды шараны әзірлеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарына және күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Семинар-кеңес барысында ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков, Шымкент қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев және өзгелер сөз сөйлеп, дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 317 референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оның 1-еуі қалалық-аумақтық, 4-еуі аудандық-аумақтық және қалған 312-сі учаскелік референдум комиссиялары.

Шымкентте республикалық референдум өткізуге байланысты тексеру сервисі істейді. Дауыс беру құқығына ие азаматтар енді сол арқылы өздерінің тізімде бар-жоғын алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ шаһарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуіне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр. Оларды жеткізу, үйіне апарып салу үшін 55 инва-такси жұмыс істейді.

Тоқтар Жақаш

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды