jasqazaq.kz

Шымкентте өрік ағашы бүршік жарды

19 ақпан 2021, 17:08

 

Шымкентте көктем мезгілі қыс аяқталмай жатып, ерте түсті. Ауа райының күрт жылынуынан қалада өрік ағашы бүршік жарып, қызғалдақ, бәйшешектер гүлдей бастады.

Мұндай көрініс негізінен табиғат заңдылығында наурыз айында басталуы тиіс. Көктемнің алғашқы белгілері шаһардағы дендросаябақта да байқалады. Мұндағы тал дарақтар да гүлдеудің алдында тұр. Тіпті қызыл кітапқа енген ағаштарды да осында кездестіруге болады. Осыдан бірер күн бұрын оңтүстік өңірде ауа температурасы +25 градусқа дейін жетті. Тұрғындар қыстық киімдерін тастап, жазға қарай бет бұра бастады. Күн райының бұлайша құбылуын синоптиктер жақсылыққа жорымайды. Себебі жылымықтың соңы суық циклонға ұласуы мүмкін. Ал бірден суық ұрса жеміс ағаштары оған шыдамайды дейді сала мамандары. Ал Шымкентте алдағы бірер күнде нөсер жаңбыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін.

Ақнұр Шүлебаева, А.Асқаров атындағы дендросаябақтың ғылыми бөлімінің жетекшісі:

— Мысалы, көктің шығып одан кейін артынан қатты суық ұрып кетсе олар зақымданады әрине. Үсік шалады қатты суық болса. Негізі Шымкенттің климатына келетін болсақ, енді аса қатты суық бола қоймайды. Біздің климатымыз солтүстікке, шығысқа қарағанда жылы ауа айы.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия