
Шымкентте онлайн хабар тарататын порностудияны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шымкентте интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өткен жылдың шілде айында біздің жедел қызметкерлер онлайн хабар тарататын порностудияны анықтады. Біз бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажетті іздеу шараларын жүргіздік. Нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарын анықтадық. Сондай-ақ, оның ішінде 5 Қырғызстан және 6 Қазақстан азаматы бар. Біз оларды үш мегаполистің жалдамалы пәтерлерінде ұстадық. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз міндетін атқарып отырған», — деді ол.
Қазіргі уақытта соттың шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан шамамен 44 мың АҚШ долларын құрайтын ақша, екі қымбат «Тойота Камри — 70» және бір «Lexus GX 460» көлігі тәркіленген. «Аталған іс, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы «ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету» және «кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша тіркелді. Бұл қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматын тінту барысында одан және оның жерлестерінен есірткі заттарын тәркіледік», — полиция полковнигі.