jasqazaq.kz

Шымкентте оқушылардың улану себебі анықталды

19 наурыз 2019, 11:22

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Шымкенттегі оқушылардың неден уланғанын айтты.

«Балалардың басы айналып, жүрегі айнып, есінен танып ауруханаға түскен. Барлығы ауырлықтың жеңіл дәрежесімен түскен. Алғашқы көмек көрсетіліп, детоксикациялық терапия жүргізіліп, ата-аналарымен сөйлесті. Балалардың басы, іші ауырған. Бұл түстен кейін болған жағдай. Әлбетте балалар аш болған. Оларға тамақ берген соң, жағдайы жақсарған», — деді Жандарбек Бекшин үкіметте журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, алғашқы бір сағатта 30 оқушы ауруханаға түскен, түнде — тағы тоғыз адам. Сонымен, 41 оқушы және төрт ересек адам ауырлықтың жеңіл дәрежесімен ауруханаға жеткізілді. «Бұл жағдай мектепке 600 метр жерде орналасқан табиғи газ таратушы станциядан шыққан иістен болған. Шымкенттің газ қызметі дер кезінде ақаудың көзін жойды. Соңғы зерттеу жұмыстарын жүргізген уақытта станция маңында және мектеп аумағында зиянды заттардың жоғы анықталды», — деді мемлекеттің бас санитарлық дәрігері.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде