jasqazaq.kz

Шымкентте оқушылардың 77 пайызы қосымша біліммен қамтылған

13 мамыр 2022, 15:30

Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы және мектепішілік түрлі үйірмелерде 242 525 оқушының 77% (186 986 оқушы) қосымша біліммен қамтылған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш баяндады.

Балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші өткен жылы 73,4 пайызды құраған болатын. Биыл қосымша біліммен қамтылған оқушылар үлесін көбейту үшін жан басына қаржыландыру есебінен мәдениет пен білім басқармасы тарапынан 12 мың бала, дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 14 000 балаға қаржы қаралып, жалпы 26 000 бала түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға үлестіріледі екен.

–Әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы маңызды. Барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалу керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың мемлекеттік тапсырыс арқылы жекеменшік ұйымдарда да қосымша білім алуына жағдай жасалуда. Сондықтан жекеменшік спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер санын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс, -деді қала әкімі.

Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Осы жылы 150 орындық өнер мектебі пайдалануға берілсе, 2023 жылы 500 орындық оқушылар сарайы балаларға есігін ашпақ.

Сонымен қатар 60 тан астам мектептің спорт залдарын жалға беру арқылы спорттық секциялар ашылатын болады. Одан бөлек, жаңадан заманауи «Оқушылар» сарайының құрылысы басталды. Осы жұмыстардың аяқталуымен 2025 жылға дейін оқушыларды қосымша біліммен қамту 100 пайызға дейін жетпек.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалып, 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. Шаһардағы 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеуде қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді.

Қосымша білім беруде оның сапасына да көңіл бөлу қажет екенін айтқан қала әкімі Р.Әлішке жазғы лагерлердің жұмысын ары жандандыруды тапсырды.

Жаз маусымында аз қамтылған, көпбалалы отбасынан 7 200 балаға жазғы демалыс лагеріне жіберу жоспарланып отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр