jasqazaq.kz

Шымкентте оқушылар атысты (видео)

09 қыркүйек 2019, 22:03

Шымкентте тапа-тал түсте оқушылар атысты. Мектептер арасындағы төбелес күндізгі сағат 1 жарым шамасында қаланың ортасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушылар әуелі таспен атысып, артынша бір-біріне дәлдеп, бірнеше мәрте оқ та атқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— 20 30 шақты бала. Бірінің артынан бірі қуалап келе жатыр. Қолдарында – шолақ мылтық. Біреуінде ОСА-ау деймін. Екі рет атты. Тура мына Сайрам мөлтекауданында, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Ақыры мына жерде біреуі біреуін пышақтады.

Пышақталған – №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы. Қолынан жарақат алған оған оқиға орнына жеткен полицейлер жедел жәрдем шақырды. Оның мұғалімдері балаға шаң жуытпайды. Сөздеріне сенсек, төбелесіп жатқандарды ажыратамын деп барған жасөспірімге әлдекімдер пышақ сілтеген. Ал тәртіп сақшыларын көре сала, оқушылардың көбі ізін суытса, бірнешеуі полицияның қолына түсті. Бейресми ақпарат бойынша, төбелес 65-ші және 46-шы гимназия мен лицейдің жоғары сынып оқушыларының арасында болған.

(

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда