jasqazaq.kz

Шымкентте нан қымбаттады

20 қыркүйек 2018, 10:51

Шымкентте нан 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Нан қауымдастығы» төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың айтуынша, әзірге әкімдік бағаны 60 теңге қалпында қалдыруға келіскен. «Ең бірінші ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты, одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз дейміз, өсімдік майы дейміз, электр энергиясы, газ және сулардың қымбаттауына байланысты және тасымалдауға кететін бензин де қымбаттап отыр осы екі жылдық мерзімді алған кезде», — дейді Көмекбаев. Телеарнаның мәліметінше, «Нан қауымдастығы» өкілдері бағаның көтерілетінін айтып, бір апта бұрын әкімдіккке хат жолдағандарын жеткізген екен. Олардың есебінше, әлеуметтік нанның өзіндік құны 54 теңге 60 тиын. Ал соңғы екі жылда наубайханаларға жеңілдетілген ұн берілмейді. Солтүстік облыстардан келетін ұнның бір қабы орта есеппен 700 теңгеге өскенін байқаған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді