jasqazaq.kz

Шымкентте мұнайшылар спартакиадасы басталды

20 тамыз 2019, 12:41

19 тамызда Шымкентте қазақ мұнайының 120-жылдығы аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының дәстүрлі спартакиадасы басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеу кезеңінде ҚазМұнайГаздың 52 еншілес компаниясының 3 мыңнан аса қызметкері сайысқа түсті. Ақтық сынға ұлттық компанияны қоса алғанда 29 ұйымның 350 өкілі жолдама алыпты.

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Шымкент қаласының Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті. ҚазМұнайГаз компаниясы әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Еркін Рақымбергенов Шымкенттің төріне келген мұнайшыларды құттықтап, жеңіске тек мықтылар жетсін деген тілегін білдірді.

Мұнайшылар спорттың сегіз түрі — армрестлинг, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, суда жүзу және тоғызқұмалақ бойынша үздік атағын сарапқа салады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы спартакиаданың орны бөлек.

«Биыл спартакиаданы қазақ мұнайының 120-жылдығының қарсаңында өткізіп отырмыз. Әрине, бұл жарысқа айтарлықтай ықпал етеді. Өйткені, спартакиада ең алдымен корпортивтік рухты, мәдениетті күшейтуге бағытталған. Командалардың дайындығы осал емес. Мұнайшылар жеңіске жеңіске жетіп, жүлдені өз ұжымдарына сыйлауға құлшынып тұр. Екіншіден, бұл республикалық деңгейдегі дәстүрлі бәсеке. Сондықтан, компаниялар оған барынша дайындалады» — деп атап өтті Қазақстан мұнай-газ кешені салалық кәсіподағының төрағасы, ұйымдастыру алқасының мүшесі Сұлтан Қалиев.

Спартакиаданың бірінші күнінде білекті мұнайшылар күш сынады. Бәсеке қызу болды. Дегенмен, қатысушылардың әрқайсысы қайтсе де жеңіске жетуге бел буды.

«Мен армрестлингтен сайысқа түстім. Былтыр жүлдеге ие болып едім. Биыл да биіктен көрінуге тырысамын. Мұнай саласында жүргендіктен қара күш жоқ емес. Аздап техникасын меңгеріп алдық. Мұнайшылардың спартакиадасында тек мықтылар жеңіске жетсін. Қазақ мұнайының 120-жылдығы құтты болсын» — деді «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің қызметкері Жасұлан Есбосынов.

4 күнге созылған айтулы дода 23 тамызда салтанатты жабылу рәсімімен аяқталады. Сөз жоқ, еңбек пен спорт қатар жүруі тиіс. Ел экономикасының күретамыры болып табылатын мұнай саласының өкілдері бұқаралық спортты дамытуға да өз үлесін қосуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде