jasqazaq.kz

Шымкентте мүгедек қыз 7 жыл бойы зорланып келген

25 қантар 2021, 16:44

Шымкент қалалық полициясы мүгедек қызды зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы оқиғаны баяндаған қала тұрғыны бұл мәселеге көптің назарын аудартқысы келеді. Зардап шеккен қыздың анасының үндеуі Qumash Telegram каналында жарияланды.

Автордың айтуынша, оның қызы (1-топтағы мүгедек) No2 қалалық мүгедектерге арналған мектеп-интернатында 7 жыл бойы зорланған.

Болжам бойынша, оны талып қалған кезде (қыз эпилепсиямен ауырады) пайдаланған. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері қыдың жатырына анасына ескертпей спираль қойған. Полиция зорлау фактілерін растады. Бірақ үш ай өтсе де, қыздың анасының айтуы бойынша, тергеу ісі бір орынан жылжымай тұр, — делінген хабарламада.
Қалалық полиция тиісті сараптамалар жүргізілгенін нақтылады.

Шымкент қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасау туралы арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда (бірнеше рет жасалған зорлау). Тергеу тиісті сараптамалар мен бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізді. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 2010 жылдан бері осы мекемеде жұмыс істейтіндер барлық ер азаматтардан жауап алынуда, деп атап өтті департаменттегілер.

ПД барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданатындығын ескертті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия