jasqazaq.kz

Шымкентте мемқызметкерлердің жалақысы көтеріледі

29 тамыз 2018, 11:28

Шымкентте мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көтерілетін болды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген басшы жыл басынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бастамасымен еліміздің бірқатар облыстарында жалақы төлеудің жаңа пилоттық жүйесі іске қосылғанын атап өтті. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы біршама өскен. Мәселен, Шымкент қаласы бойынша департаменттің бас маманының лауазымдық жалақысы 91 мың теңгеден 219 мың теңгеге дейін көтеріліп отыр. Бұған қоса, Агенттік төрағасының тапсырмасы бойынша бос лауазымдарды 20%-ға жеткізіп, үнемделген қаржы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына үстеме ретінде төлеуге бағытталмақ. Нәтижесінде, Департаменттің бас мамандары мен жетекші мамандарының жалақысын 30% көтеру мүмкіндігі пайда болып отыр. Сондай-ақ, факторлы-балдық шкала жүйесі бойынша тиімді қызметші жыл қорытындысы бойынша 4 жалақыдан басталатын бонусқа үміткер бола алады. Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын белгілеудің жаңа жүйесі енгізілген. Оған сәйкес, жұмысы тиімді қызметшілер жыл қорытындысы бойынша үстеме жалақыдан үміткер бола алады. Яғни жаңа жүйе ешбір жағдайда мемлекеттік қызметшінің болжамды табысын нақты шектемейді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді