jasqazaq.kz

Шымкентте мейрамхана отқа оранды

28 қантар 2018, 18:37

Шымкентте мейрамхана отқа оранды. «Алтын ана» салтанат сарайының өртеніп жатқан сәті тез арада әлеметтік желілерге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, тойхана санаулы минуттардың ішінде өртке оранған. Тілсіз жау ғимараттың жанындағы дүкен мен дәріханаға таралған. 18 мөлтекаудан маңындағы Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан тойханадағы жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер мен сегіз техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да шақыртылды. Бастапқы болжам бойынша өрттен ешкім зардап шекпеген. Облыстық ТЖД бастығы Нұрболат Дербісов осы оқиға бойынша толыққанды ақпарат кейін таратылатынын мәлімдеді.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды