jasqazaq.kz

Шымкентте мейрамхана отқа оранды (видео)

11 мамыр 2018, 17:37

Бүгін Шымкентте «Гараж» мейрамханасынан өрт шығып, ғимараттың үстіңгі қабаты өртеніп кетті.

Оқиға орнына ондаған өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылып, аумақта барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт түс ауа шыққан. «11-ші мамыр күні Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 12 а үйле орналасқан 1,5 қабатты «Гараж» мейрамханасынан өрт шықты. Өрттен 2 адам құтқарылды. Жалынның аумағы анықталып жатыр. Өрт 16.58-де толықтай сөндірілді»,- деді Руслан Иманқұлов. Өрттің бейнекөрністері мен суреттері де әлеуметтік желілерге тез тарап кетті. Қаланың өрт сөндірушілердің жүйелі жұмыстарының арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде