Шымкентте лингвистикалық элиталы бастауыш мектеп ашылады

04 тамыз 2022, 18:45

Елімізде 2020 жылдан бастап барлық қалалық мектеп жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Мұндай жүйе арқылы жекеменшік мектептердің үлесі артып отыр. Шымкент қаласында оқушы басына қаржыландыру әдісі өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы 21 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 20 білім ұясы жеке инвесторлар есебінен салынып жатыр.

Қала әкімі М.Әйтенов әрбір мектептің жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында, жекеменшік білім беру ұйымдарын аралап көрді.

Соның бірі — Д. Қонаев даңғылында орналасқан «OSCAR» лингвистикалық мектеп. Жоғары деңгейдегі техникалық базамен жабдықталған бастауыш мектеп 480 орынға лайықталған. Ғимарат 3 қабат, 30 оқу бөлмесінен тұрады. Асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет те қаралған.

Білім мекемесі жаңа оқу жылына дайындық үстінде. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде оқу жиһаздары орнатылып жатыр. Акт, спорт залға жұмсақ төсеніштер қойылып, асхана қажетті құралдармен жабдықталады.

Мұнан кейін қала басшысы құрылысы жүріп жатқан «Жас-Дарын-3» мектебінде болды. М.Әйтенов аталған нысанды аралап, жобаның жұмысымен танысты. 300 орынға лайықталған мектеп 3 қабаттан, 12 оқу бөлмесі, 8 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинеттен тұрады.

Мектеп Абай ауданы Темірлан тасжолы көшесі,19/2 ғимаратта орналасқан. Білім мекемесі оқу жылына 98% дайын. Қазіргі таңда «брусчатка» төсеу, қоршалуы мен абаттандыру жұмыстары жүруде.

Қазір қалада 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 8-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік мектептер. Биыл 11 705 оқушыға арналған 24 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке азаяды.

Мемлекеттің міндеті қаладағы 203 мектепте оқитын 242 525 оқушының жаңа оқу жылын барлық жағдай жасалған мектептерде білім алуына жағдай жасау.

Қала әкімі мердігер мекеме басшыларына жұмысты сапалы орындап, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласында 5 білім беру ұйымының ғимараттары күрделі жөнделіп жатыр. Жалпы, қаладағы 23 білім беру ұйымы жөндеуді қажет етеді. Олардың жобалау-сметалық жоспары дайындалып, қалалық бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жөнделетін болады.

2022 жылы 5 білім беру ұйымында (№11, №50, №107 мектеп, 1 балалалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. 4 мекеменің ЖСҚ-ы дайын. Одан бөлек, 20 мекемеге ЖСҚ дайындалуда.

Тоқтар Жақаш

06 мамыр, 18:18
Дастан Өмірбаев: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті
06 мамыр, 15:52
Түркістан: Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде
06 мамыр, 15:17
Түркістан полициясы оқушылардың қауіпсіздігіне мән береді
06 мамыр, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
06 мамыр, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз