jasqazaq.kz

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты тың дерек

05 сәуiр 2020, 16:02

#үйдеотыр

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты деректерді айтты.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Шымкент қаласында коронавирус індетінен бүгін бір адам көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны. Ол 3 сәуір күні Шымкент қаласы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған», — деді Айгүл Бекбауова «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Анықталғандай, науқас жүк көлігінің жүргізушісі болды. Осы орайда «Мәскеу – Алматы» бағдары бойынша Шымкент қаласына транзитпен тоқтаған. Дене қызуына шағымдануына байланысты жедел жәрдем көмегімен науқас инфекциялық ауруханаға стационарға жатқызылды. Сырқатына байланысты реанимациялық бөлімдегі аппаратқа қосылған.

«Науқастың қант диабеті, қысымның көтерілуі секілді қосалқы аурулары болған. Сонымен қатар ол бір жыл бұрын туберкулез ауруына шалдыққан. Бүгін түнде науқас реанимациялық бөлімде қайтыс болған. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылды», — деді Айгүл Бекбауова.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі