jasqazaq.kz

Шымкентте көпқабатты үйден үш бала мен әйелдің денелері табылды

11 желтоқсан 2017, 9:30

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тvk-uko телеарнасына сілтеме жасап.

Жексенбі, 10 желтоқсан күні Республика даңғылы, 31 мекен жайындағы үйдің төртінші қабатындағы пәтерден төрт адамның, атап айтқанда, төрт жастағы қыз баланың, он екі және он үш жастағы екі жеткіншектің және қарт әйелдің өлі денелері табылды. Отбасы пәтерді жалдап тұрған. Оларды көптен бері көрмегеніне алаңдай бастаған туыс-туғандары мен көршілері полицияға хабарласқан. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кірген. Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері үш тәулік бойы жатып қалған. Өлімдерінің себебі газдың таралуы болуы мүмкін. Тергеу жүруде.

 

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды