jasqazaq.kz

Шымкентте көліктерді жалға алып, олардан катализатор ұрлағандар ұсталды (Видео)

16 шiлде 2021, 12:03

Шымкентте полицейлер жалға алынған автокөліктерден катализаторларды ұрлаумен айналысқан ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

(Автоұрылар: 1:55 – 3:35)

https://youtu.be/wSxQot86x-w

Мегаполистің төрт тұрғыны кезек-кезек екі ай бойы автомобильдерді жалға алып, олардың бөлшектерін, дәлірек айтқанда, катализаторларын шешіп алып отырған. Бұл бөлшек арзан тұрмайды. Жаңасының бағасы бір миллион теңгеден астам. Ал ұсталғандар ұрланған катализаторларды интернет арқылы 250 мың теңгеге сатқан. Автоорталықтың директоры күдіктілердің олардан әр түрлі машиналарды жиі жалдайтынын байқап, GPS-навигаторының көмегімен олардың біреуін бақылауға шешім қабылдаған. Бұл кезде күдіктілердің бірі 15-ші көлікті жалға алған болатын. Автоорталықтың басшысы клиенттің соңынан еріп, оның катализаторды шешіп алып жатқанын көріп, дереу полицияға жүгінді. – Полиция менің шағымыма жедел жауап берді және барлық қажетті шараларды қабылдады. Кінәлілер анықталып, қамауға алынды. Полицияның арқасында олар маған келтірілген залалды өтейді. Шымкент полициясына кәсібилігі мен жауапкершілігі, сондай-ақ қылмыстық істі тергеудегі әділдігі үшін алғыс айтамын, – деді автоорталықтың директоры Валерий Баширов. Автокөлік жалдау орталығына келтірілген шығын 15 миллион теңгені құрады. – Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты бес азамат анықталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт бойынша төрт азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен, бір азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық іс тіркелді, – деп баяндады тергеуші Спандияр Зайнидин.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия