jasqazaq.kz

Шымкентте көліктерді ұрлап, ресейлік нөмірлермен сатқан күдікті ұсталды

28 желтоқсан 2020, 12:13

Шымкентте 11 көлікті ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Шымкенттік полицейлер бір үлгідегі 11 жеңіл көлікті ұрлап кеткен ұрыны ұстады. Соңғы 4 айда Шымкент қаласының тұрғындарынан полицияға Daewoo Nexia маркалы автокөліктің ұрланғандығы туралы арыз түсе бастаған. Айта кету керек, барлық ұрланған көліктер дабыл белгісімен жабдықталмаған және жарықтандыру мен бейнебақылау камералары жоқ аулалардан ұрланған», — деді реми өкіл. Оның айтуынша, қылмыстық іздестіру кезінде тергеушілер барлық фактілерді жан-жақты зерделеген. Сыртқы бейнебақылау камераларынан бейнематериалдар алынып, зерделеніп, олар бойынша барлық оқиғалардың хронологиясы қалпына келтірілген. «Нәтижесінде, қылмысты байқатпау үшін көліктерді таңертеңгі сағат 4-тен 6-ға дейін бір адам ұрлағаны анықталған. Ол қалаға кешкі сағат 8-де келіп, қауіпсіздік жүйелері бойынша нашар автокөліктерді іздеген. Жүргізілген ауқымды жедел-іздестіру жұмыстарынан кейін, көлік ұрлығына күдіктіні Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының криминалдық полиция қызметкерлері анықтап, ұстады», — деді Н. Ораз. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмысқа ықтимал қатысушылар анықталуда. «Кейін оның қарапайым сызғыштың көмегімен автомобильдерді ашқаны белгілі болды. Содан кейін ол оталдыру құлпын ашып, қозғалтқышты іске қосып, машинаны мініп кетіп отырған. Сонымен қатар ол көліктердің нөмірлерін шешіп, оның орнына интернет арқылы сатып алынған Ресей Федерациясының жалған нөмір белгілерін таққан. Ұрланып, басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, 2 автомобиль бөлшектеліп сатылғаны анықталды. Қалған 3 автокөлік әлеуметтік желілер арқылы сатылған, қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасады», — деді ресми өкіл.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия