jasqazaq.kz

Шымкентте көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындылған азамат полиция бөлімінде қаза тапты

09 желтоқсан 2021, 10:56

Ер адам бірнеше көлік ұрлады деген күдікпен тұтқындалған. Қазір 1990 жылы туған азаматтың қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұл туралы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратында қалада бірнеше қымбат көлікті ұрлады деген күдікпен тұтқындалған азаматтан жауап алынған. Алайда ол өзін нашар сезінгенін айтқан. Бірден жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Өкінішке орай жедел жәрдем келгенше есінен танған азамат көз жұмды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне және қалалық прокуратураға хабарланды. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесі хабарланады», — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде