jasqazaq.kz

Шымкентте кісі өліміне күдікті ретінде шетелдік жұмыс беруші қамауға алынды

26 қыркүйек 2022, 11:08


Шымкентте кісі өліміне күдікті ретінде шетелдік жұмыс беруші қамауға алынды , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға шілде айында болған. Қаратау аудандық полиция басқармасына 15 жастағы қыздың ата-анасы хабарласып, ол жұмыс орнында электр тоғының соғуынан қайтыс болғаны туралы арызданған. Сол сәтте Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 156-бабымен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркеп, сараптамалар тағайындаған.

«Қылмыстық іс барысында күдікті шетелдік азамат, нақтырақ айтқанда пәкістандық болғандықтан, тергеу амалдары біршама уақытты алды. Парсы тілінің аудармашы-маманының қатысуымен тергеушілер барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізді. Күдікті Пәкістан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, электр-техникалық сараптама нәтижелері дайын болған соң, іс сотқа жолданатын болады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр