jasqazaq.kz

Шымкентте кішкентай қыз у ішіп қойған

12 сәуiр 2019, 15:24

Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін «Чистотел» дәрісінен уланған өзбекстандық қыз баланың өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ол ауыр жағдайда Гипербариялық оттектеу орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жіберілген. Дәрігерлердің айтуынша, улы сұйықтық баланың аузын күйдіріп жіберген. Қазір қыз баланың жағдайы жақсарған, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. «Қазір уланған бала анасымен бірге ауруханада ем алып жатыр. Өзбекстанның кішкентай тұрғыны Шымкентке ата-анасымен бірге қонаққа келген», — дейді ведомствода. «Дәріханада папилломаны кетіру үшін «Чистотетел» сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым», — дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова. Қазір аузы күйген бала өзі тамақтана алатын жағдайда. Дәрігерлер кішкентай пациенттің жағдайын бақылау үшін әлі тексеріп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда