
Шымкентте танымал маркалы кір жуғыш ұнтақты дайындайтын жасырын цех анықталды. Бұл туралы экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.
Биылғы жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде контрафактілік өнім дайындайтын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.
Аталған цехта ARIEL Color маркалы кір жуғыш ұнтағын жасырын түрде дайындаған.
Шымкентте танымал маркалы кір жуғыш ұнтақты дайындайтын жасырын цех анықталды
«Тексеру барысында ARIEL Color маркалы кір жуғыш ұнтақтың 126 қаптамасы анықталып, тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 756 келіні құрайды. Сонымен қатар түрлі қоспалар мен оны дайындайтын құрылғылар тәркіленді», — дейді департаменттегілер.
Шымкентте танымал маркалы кір жуғыш ұнтақты дайындайтын жасырын цех анықталды
Белгілі болғандай, жасанды кір жуғыш ұнтақ дайындау үшін, сапасы төмен кір жуғыш ұнтақ пен тұзды араластырған. Мұнан кейін өнім ARIEL Color маркалы қаптамаларға салынған. Артынша олар Шымкенттегі базарларда сатылыпты.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстың кодекстің «Тауар белгісін заңсыз пайдалану» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді.