jasqazaq.kz

Шымкентте қыз зорлаған Алматы тұрғыны болып шықты

15 қантар 2019, 13:08

Шымкентте мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды зорлап кеткен күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігі мен Шымкент қаласының полиция департаменті қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру шаралары кезінде кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап кетті деген күдікке ілінген ер адам ұсталған. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.
«Ұсталған ер адамның қылмысқа қатысы куәгерлер мен жәбір көрген қыздың жауабымен расталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды», — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп полицияға арызданған.

Белгілі болғандай, Шымкентке қарасты ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен. Жаға ұстатарлық оқиға күндіз мектеп маңындағы қараусыз жатқан үйде болған.

Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер