jasqazaq.kz

Шымкентте қыз ұзату тойына жиналған 100-ге жуық қонақ үйіне қайтарылды

26 қараша 2020, 10:58

Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «777 (7 бочек)» мейрамханасында қыз ұзату тойы ұйымдастырылған. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған. Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талабына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады. Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топ жалпы 910 құқықбұзушылықты анықтаған.

https://youtu.be/NLc7EN5pyNQ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық