jasqazaq.kz

Шымкентте қыз алып қашу оқиғасына қатысты полиция түсінік берді

31 наурыз 2021, 19:39

Шымкент қалалық полициясы Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінде қыз алып қашу оқиғасына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын, 30 наурызда полиция қызды және оны ұрлап әкеткендерді Түркістан облысынан тапты. Олар Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам қызды үйлену үшін екі досымен бірге алып қашқан болып шықты. Ұрлаушылардың барлығы — Түркістан облысының тұрғындары.

Сол түні 18-ші ықшам ауданда бөтен адам достарымен бірге үйлену үшін мені күшпен көлікке отырғызып, үйіне алып кетті. Осы уақыт ішінде мен оның үйінде болдым. Маған қарсы ешқандай күш қолданылмады. Менде бәрі жақсы, — деді қыз.
Полиция «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тергеуді бастады. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұрлауға қатысқан барлық адамдар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

29 наурызда қызды алып қашқан видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода көмек сұраған қызды бір топ жігіт жабыла күшпен көлікке отырғызғаны көрсетілген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия