jasqazaq.kz

Шымкентте «қыз алып қашқандар» видеоға түсіп қалды

04 наурыз 2021, 17:37

Шымкентте қыз алып қашу сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Бұл видеоны куәгерлер жіберді. Олар кеше кешке Шымкент орталығында бір қызды күштеп алып қашқанын мәлімдеді», — дейді басылым авторы видео сипатамасында.

Шымкент полиция департаменті 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20.00 шамасында қаладағы қонақүйлердің бірінің жанында Lexus маркалы автокөлігіндегі белгісіз біреулер қызды күштеп көлікке отырғызып, кетіп қалғаны туралы хабарлама түскенін айтты.

«Оқиға болған жерге келген жедел-тергеу тобы бірқатар қажетті шаралар өткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сауалнама барысында 22 жастағы қыз 23 жастағы жігітімен ұрысып қалғанын, бірақ көлікке өз еркімен отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, бойжеткен жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін айтты», — деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия