jasqazaq.kz

Шымкентте қылмыстық топтар мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген

25 қараша 2021, 13:29

Шымкентте мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген екі қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

«8 адамнан тұратын қылмыстық топтардың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан.

Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ҰҚТ-ның қатысы бар екендігі анықталды», — деді Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі.

Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

«Нәтижесінде, мемлекетке 3,1 млрд теңге сомасына салық төленген жоқ», — деп қосты.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде