jasqazaq.kz

Шымкентте қуғын-сүргіндер бейітіне салынып жатқан жол құрылысы тоқтады

19 қараша 2021, 11:48

Шымкенттегі Қайтпас елді мекенінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қорымы үстінен салына бастаған жол құрылысы тоқтатылды. Әкімдік қолға алынған жобаға өзгеріс енгізбекші, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Әзірге жаңа жол киелі жердің қай тұсына түсетіні белгісіз. Ал репрессия құрбандарын зерттеуші мамандар бұл өңірде 7 мыңнан астам азамат саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, тура осы Албастысайда соның 2 мыңнан астамы атылған деген дерек айтып отыр. Құрбан болғандар арасында Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың да сүйегі болуы мүмкін дейді.

“Бұл жерде арнайы комиссия құрылуы керек деп есептеймін. Ол комиссия археологтардан, антрополгтардан тұруы керек. Мысалы археологтар осы жердің қыр-сырының мамандары, топырақтың астындағы дүниенің. Ал антрополог деген арнайы мамандар сүйекті зерттейді. Мына жердің барлығы қорым болуы мүмкін. Сондықтан бір жақты қарамай, мамандарға сүйеніп, зерттеу керек деп есептеймін”, – дейді Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде