
Шымкентте өтіп бара жатқан адам қоқыс жәшігінен әйелдің денесін тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырар таратқан ақпаратқа сәйкес, жантүршігерлік жаңалық туралы хабар полицияға ақпанның бірінші күні таңертең түскен.
Қаладағы Жәңгелді көшесіндегі қоқыс жәшігінен көрпеге оралып, сауда сөмкесіне салынған әйелдің мәйіті табылды.
Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері мәйіттің шамамен 35 жастағы әйел адам екенін анықтады. Тергеушілер мен медициналық сараптаманың нәтижесі марқұмның денесінде көгерген іздер бар екенін көрсетті.
Қазір тексеру жұмыстары басталды.