jasqazaq.kz

Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді жер қожайыны атып кетті

17 шiлде 2018, 16:05

Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен. Оқыс жағдай 16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында «Достық» шағынауданында болған. 

Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүреді. Осы кезде жердің қожайыны жерді босат деп балаға келіп ескерту жасап кеткен. Бірақ ешнарседен қауіптенбеген жеткіншек малын бағып жүре берген.

Арада аз уақыт өткен соң қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атып, жаралап кеткен. Зардап шеккен жасөспірім: «Оқ атқан үлкен кісі. Мал жайып жүрген едім, малды бұл жерден шығар деді, шығармадым. Мылтықпен келіп атып кетті» дейді.

Дәрігерлер зардап шеккен балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды. Мамандардың сөзінше, баланың бірнеше жеріне оқ тиген. Оқыс жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

otyrar.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді