jasqazaq.kz

Шымкентте қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасы тексерілді

16 мамыр 2022, 15:55

Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.
Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.
Осы жұмыстардың барысын қадағалау мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов БАҚ өкілдерімен бірлесе қоғамдық көліктердің аралық интервалын, қызмет көрсету сапасын бірлесе бақылады.
Қазіргі таңда қоғамдық көлік компаниялары бәсекеге қабілетті болуы керек. Қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған жағдайда көлік компанияларымен келісімшарт бұзылады.

Бүгіннен бастап қала тұрғындарына 26 бағыт жаңа автобустармен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушы көлік компаниясы өз есебінен кең сиымдылықты, Yutong  маркалы жаңа 10 автобусты желіге шығарды. Аталған бағыт Барыс базары мен  Фосфор ауруханасы аралығында қызмет көрсетеді.

Қала әкімінің Абай ауданына қарасты Қазығұрт, Құрсай және Агроферма шағынауданының тұрғындарымен кездесуінде 34 бағыттың аралық интервалына және олардың ескілігіне шағымдар айтылған болатын. Осыған байланысты 1 мамырдан бастап аталған бағытта тасымалдаушы көлік компаниясы 12 автобуспен жолаушыларды тасымалдауда. Қозғалыс сызбасы Қазығұрт шағынауданы мен Клара Цеткин көшесі аралығында ұйымдастырылған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр