jasqazaq.kz

Шымкентте қарақшы кісіні өлтіріп, үйін өртеп жіберген

08 тамыз 2019, 14:44

Шымкентте қарақшы жергілікті тұрғынды өлтіріп, тонағаннан кейін үйін өртеп жіберген. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 18 маусым күні болған. Шымкент қаласында өртенген үйдің ішінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. «29 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғынын өлтірген күдіктіні ұстады. Ол ауыр қылмыс жасағаннан кейін жалпы сомасы 1 млн 100 мың теңге болатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп жіберген. Кейін қылмыс орнынан бой тасалаған», — деді ведомстводан. Анықталғандай, күдікті ұрланған ақшаға автокөлік сатып алған. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-ыншы («Адам өлтіру»), 192-інші («Қарақшылық») және 202-баптарымен («Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 1 тамыз күні Шымкент қаласының Мамандандырылған тергеу соты ұсталған азаматқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Тергеу шаралары жалғасуда», — деді Полиция департаментінен.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда