
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханасында болып, қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханасында болып, қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артқан.
Қазіргі таңда мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде.
Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған-ды. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды.
Жылына 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келетін нысан жаңғырту жұмыстары нәтижесінде 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалды.
Айта кетейік, Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, демографиялық өсім жағынан Шымкент Қазақстанда алдыңғы орында тұр. Медицина мамандарының айтуынша, үшінші мегаполисте күніне орта есеппен 120 сәби туылады. Яғни, әр он бес минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады деген сөз. Ал биыл жыл басынан бері 100 егіз өмірге келген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 20 балаға көп.
– Балаға күтім жасау, перзентханадан шығару сияқты іс-шаралармен жүргенде, ХҚО-ға баруға уақыт тапшы болады. Осындайда қызметтерді проактивті тәсімен алу – ең қолайлы шешім. Бұл орайда айта кетейік, телефон хабарламасының көмегімен баланың туу туралы куәлігін, тууға байланысты жәрдемақыны және балабақшаға кезекті рәсімдеп қана қоймай, баланы тұрғылықты жеріне тіркей аласыз, – деді Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Қала әкімі шаһардағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртудың маңыздылығын, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, демографиялық көрсеткішті одан әрі ұлғайту негізгі бағыттардың бірі болып белгіленгенін атап өтті.
Тоқтар Жақаш