jasqazaq.kz

Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсаған

08 ақпан 2019, 14:36

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мәди Биғалиев өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған. Бұл келеңсіз жағдайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми растады.

Департаменттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты ақпарат толық жария етілмейтінін айтады. «Полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105 «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Дегенмен, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша, бұдан басқа ақпарат таратылмайды» делінген ПД хабарламасында. Еске салайық, кеше 40 жыл ғұмырын медицинаға арнаған білікті дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург Мәди Биғалиев қайтыс болған еді. ҚазАқпарат хабарлағандай, ол ұзақ жылдар бойы №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін абыроймен атқарды. Қазақстан бойынша алғаш рет науқастардың жүрегіне, бауырына және өтіне операция жасауға үлес қосқан. 2013 жылдан бастап аталған ауруханада 125 бүйрек және 17 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде