
Шымкентте карантин ұзартылды. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 28 қыркүйек сағат 00.00-ден 2020 жылғы 12 қазан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын», — делінген қаулыда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу) өткізуге тыйым салынады).