jasqazaq.kz

Шымкентте карантин ұзартылды

09 қазан 2020, 14:31

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартып, жәрмеңкелер жұмысына рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкенттегі карантиндік және шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.

Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлар мен жәрмеңкелерде жұмыс уақыты 30 пайыздан аспайтын және бір адамға кемінде 4 шаршы метр болатын жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жалғастыру, оның ішінде дезинфекциялық туннель мен залалсыздандыру қондырғысын орнатуды қамтамасыз ету қажет», — делінген қарарда.

Сондай-ақ, жаңа құжат жәрменкелердегі балалар ойын алаңдары, батуттар мен фуд-корттардың жұмысына салынған тыйымды алып тастады.

Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі департаментінің сайтында жарияланған.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды