jasqazaq.kz

Шымкентте ішімдіктің ірі партиясы жойылды (видео)

21 сәуiр 2021, 10:27

Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, — деп хабарлайды «AstanaTV» телеарнасы.

Ведомство мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жерасты цехы 2020 жылы қазанда тәркіленген. Қаскүнемдер танымал отандық брендтердің алкоголь өнімін қолдан жасаған. Өндіріске 96 пайыздық этил спиртін пайдаланған.

Цех иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жерасты цехын ашқан адам төрт миллион теңге шығын келтірген. Ол шығынды толығымен өтеді. Осыған байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», — деді Шымкент Экономикалық тергеу департаменті ресми өкілі Жұпар Мамутова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия