jasqazaq.kz

Шымкентте газдан уланған екі адам көз жұмды

24 ақпан 2020, 12:02

Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде екі адам иістен уланып, қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен газ мамандары су жылытқыш құрылғының бұзылып тұрғанын анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін түнде Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Таңғы сағат 07:51 шамасында ТЖД кезекші бөліміне 24/4 үйдегі 83-пәтерден 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. «Алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісіне уланып қаза болған. Оқиға орнына жеткен апаттық бригада тексеру барысында асханада 2 конфорлы газ плитасы мен «DUBAI» су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Алайда су жылытқыш пештің түтін шығаратын құбыры (гофра) ажырап кеткен. Қазір екі тұрғынның өліміне нақты не себеп болғаны анықталуда» делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия