
Шымкент қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіру жайты бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Otyrar.kz хабарлағандай, полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Бірқатар сараптама тағайындалған. Күдікті тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларына Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.