jasqazaq.kz

Шымкентте ерекше әжетхана бар (видео)

26 наурыз 2018, 15:02

Бұрын-соңды болмаған, әрі автоматты түрде жұмыс істейтін әжетхана Шымкент қаласында ойлап табылды. Қоғамдық бөлменің есігі тыйын қабылдағышына 100 теңге салынған жағдайда ғана ашылады.

Шымкентте ойлап табылған автоматты әжетхана Қазақстанда алғаш ашылып тұр. Оның ерекшелігі бұл ақылы әжетханада кассир жұмыс істемейді. Яғни, тыйын қабылдағышқа жүз теңге салынса, әжетхана есігі өзі автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.    Бейнеролик авторы ақша қабылдайтын автоматтың қалай жұмыс жасайтынын толық баяндайды.

«Мұнда 100 теңге салсаңыз, есік өзі ашылады. Мынау ерлердің әжетханасы болса, ал келесі әйелдердікі», – деп  қалжыңдап түсіндірді видео авторы.   Әлеуметтік желідегі видеоны тамашалағандар автоматты жұмыс істейтін әжетханаға таңқалыстарын білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Ал кейбір желі қолданушылар шымкенттіктер үшін әжетхана құнының жүз теңге болуы қымбат, –  дейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық