jasqazaq.kz

Шымкентте ер адамның басын кесіп алған күдікті ұсталды

26 қараша 2020, 9:31

Шымкентте «Қайнар бұлақ» тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тауып алды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Мәйіт 8 қарашада табылғаны белгілі болды. Содан кейін қалада «Ұстау» операциясы жарияланған. Құқық қорғау органдары қылмыскерді бірнеше сағаттан кейін ұстаған.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр, тергеу жүріп жатыр.

«Дене табылғаннан кейін полицейлер келіп, мына жерде фото-видео түсірді. Мен қайтыс болған адамды танымаймын, есімі Витя болған сияқты. Арасында ішетін, басқа ештеңе айта алмаймын. Ауданымызда криминал жоғын айтқым келеді, 20 жылдан бері өзіме ешкім тиіспеді. Ауызбіршілік бар. Полиция жақсы жұмыс істейді, көмектескендері үшін рақмет», — деді «Қайнар бұлақ» тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Өлімнің мән-жайы айтылмайды. Тек ұсталған азамат 2001 жылы туған екені хабарланды.

«Осы жылғы 8 қарашада Қаратау ауданының «Қайнар бұлақ» тұрғын үй массивінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚК 99-бабы 1-бөлігіне («Өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2001 жылы туған күдікті ұсталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», — деді тергеуші Бауыржан Тюльбашев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде