jasqazaq.kz

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті (Видео)

11 сәуiр 2022, 12:43

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға туралы ақпаратты заңгер Евгений Яворский әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Айтуынша, азамат құзға өрмелеу кезінде аттракционнан құлап кеткен.

10 сәуір күні кешке Шымкент қаласындағы Бәйдібек Би көшесіндегі Жайлаукөл саябағында қайғылы оқиға орын алды. 20 жастағы жігіт құзға өрмелеу кезінде аяғы тайып, құлап түсті. Көктем басталып жатыр. Тұрғындар ойын-сауық саябақтарына, су қоймаларына барады. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық техникалық құралдарға толық ревизия жүргізу керек”, – деп жазған ол.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады. Қазір ер адам комада, жағдайы ауыр.

“10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне саябақтан ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғанын анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді.Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», — делінген хабарламада.

Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

«2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігі бойынша (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады», — дейді полиция департаментінен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Евгений Яворский — Адвокат (@yavorskiy.advokat)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде